USD
USD
USD

МакГрегор шоуы: Билеттің құны қанша?

UFC-дің әйгілі жұлдызы Конор МакГрегор алдағы жылы 19 қаңтарда Дональд Серронемен төбелеседі. Бұл жекпе-жектің бүкіл билеті бір тәулікте өтіп кеткен. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

МакГрегор шоуы: Билеттің құны қанша?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Yahoo Sports тілшісі Кевин Айол туиттердегі парақшасына былай деп жазыпты:

«Дана Уайттың сөзіне қарағанда, T-Mobile Arena UFC 246 турнирі билеттерінің түгелге жуығын бірінші күні-ақ сатып жіберген. Билет сатудан 10 миллион доллар түскен».

 

T-Mobile Arena-ның ресми сайтында сатылмаған билеттер әлі бар екені айтылады. Алайда ол – ең қымбат билеттер. Сондай-ақ, құны 1000-3700 доллар аралығындаңы оншақты билет қалыпты. Ал стандартты билеттер 200-1500 доллар аралығында сатылған.

Билеттің сатылымы жөнінен рекорд иесі де – Конор МакГрегор. UFC 205 турнирінде МакГрегор жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді ұтып алған кезде билет сатудан 17,7 миллион доллар түскен еді. Одан кейін UFC 229 додасында тағы сол МакГрегор Хабиб Нұрмұхамедовтің белбеуіне таласқанда рекорд тағы қайталанып, 17,2 миллон доллар жинаған.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park