USD
USD
USD

МакГрегор оралады

UFC президенті Дана Уайт екі салмақ дәрежесінде лиганың экс-чемпионы Конор МакГрегордың қатысуымен іс-шара өткізу жоспарланып отырғанын айтты, – деп хабарлайды Vesti.kz.

МакГрегор оралады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Маусымда ирландиялық спортшы UFC-ден қызық ұсыныстар алмағандықтан, жекпе-жектен кетуге шешім қабылдағанын айтқан болатын. Америкалық БАҚ-тың мәліметінше, бейсенбіде Дана Уайт МакГрегормен хабарласқан және омен алаңға оралу туралы сөйлескен.

«Біз келесі жылдың басында Конор үшін қызық нәрселермен жұмыс істейміз. Ол алдағы жылы оралуы керек. Ол жекпе-жекке оралады деп кепілдік бермеймін, бірақ қазір біз онымен ақылдасып жатырмыз», – деді Уайт.

Біраз уақыттан кейін UFC басшысы пікір білдірді.

«Бірнеше күн бұрын менің ойыма бір ой келді, мен оған (МакГрегорға) бұл туралы ойын білу үшін хабарластым. Ол қызығушылық танытты. Сонымен, біз бір нәрсе дайындап жатырмыз. Бірақ бұл әлі толық шешілген жоқ. Бәрі дайын болғанда сізге бәрін айтамын. Қазір бұл жай ғана идея. Бұл 2020 жылдың соңында немесе 2021 жылдың басында болады».

Айта кетейік, мұның алдында МакГрегор Францияда адамға қысым көрсеткені үшін ұсталғаны белгілі болған, алайда кейін жауап алынған соң босатылғаны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғары 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер