USD
USD
USD

Макарон өнімдерінің тапшылығы жоқ

Өскемен қаласының әкімдігі макарон өнімдерінің тапшылығы жоқтығын мәлімдеді.

Макарон өнімдерінің тапшылығы жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Өскеменде макарон өнімдерінің тапшылығы сезіліп жатқаны жайлы ақпарат тарап кетті.

Онда жазылғандай, тұрғындар дүкен сөрелерінен қанттан кейін жаппай макарон өнімдерін сатып ала бастаған. Қала әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда дүкен сөрелерінде «Сәлем», «Цесна», «Сұлтан» және тағы басқа қапталған макарон өнімдері сатылып жатыр. Ешқандай дүрбелең, өнім тапшылығы жоқ. Сатып алушылардан ең көп сұраныс негізінен осындай қапталған өнімдерге түседі», - делінген мәліметте.

Әкімдік қызметкерлерінің дерегінше, сауда нүктелерінде макарон өнімдерін таразыда өлшетіп сатып алуға да болады.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт