USD
USD
USD

Майра Мұхамедқызы «BraVo» халықаралық музыка сыйлығының лауреаты атанды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы классикалық өнер саласындағы «BraVo» сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Майра Мұхамедқызы «BraVo» халықаралық музыка сыйлығының лауреаты атанды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Жұма күні Мәскеудегі Үлкен театрдың тарихи сахнасында «BraVo» халықаралық кәсіби музыкалық сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Кештің басты оқиғасы ретінде түрлі елден келген лауреаттарға алтын скрипка кілттері табысталды. М.Мұхамедқызы 15 номинация ішінен «Әріптес елдің ең танымал классикалық орындаушысы» атағын жеңіп алды. «BraVo» сыйлығының лауреаты атану – мен үшін үлкен мәртебе. Мен ресейлік тарапқа шығармашылық қызметімді жоғары бағалағаны және өнер жұлдыздарының арасында болуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтамын», – деді М.Мұхамедқызы. «BraVo» халықаралық кәсіби музыкалық сыйлығы 2017 жылы Monte Carlo радиосы мен «Русская Медиагруппаның» қолдауымен құрылды. Жеңімпаздарды анықтаудың негізгі критерийі – классикалық музыка саласындағы номинанттардың орындаушылық шеберлігін көрермендердің бағалауы.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов Ресейге қатысты CAS шешімін FIDE үшін «қызыл сызық» деп атады

Тимур Турлов

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев