USD
USD
USD

Майнинг ферма бұрынғы мата зауытында жұмыс істеп келген

Алматы облысы Жамбыл ауданында ірі майнинг фермасы әшкереленді, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Майнинг ферма бұрынғы мата зауытында жұмыс істеп келген
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Заңсыз әрекет шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, бұрынғы мата зауыты болған "Қарғалы" АҚ аумағында жасалған.

Ұйымдастырушылар майнинг фермасы тұтынған электр қуатын тоқыма өндірісі атынан жеңілдетілген тариф бойынша төлеп келген. Тінту кезінде мамандар құны 1 миллиард теңгеден асатын криптовалюта өндіру үшін ірі шифрлау кешені бар 2800-ден астам жабдық тәркіледі.

"Алдын ала бағалау бойынша мемлекетке 131 198 909 теңге мөлшерінде залал келтірілген. Сонымен қатар, майнинг фермасын ұйымдастырушылар "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мен Жамбыл ауданының ЭТА-нің қызметкерлеріне 50 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейінгі сомада пара беріп отырған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық