USD
USD
USD

Маймылды тасымалдаған сарыағаштық жауапқа тартылуы мүмкін

Маймылды тасымалдаған сарыағаштық жігіт жауапқа тартылуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маймылды тасымалдаған сарыағаштық жауапқа тартылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Түркістан, NEGE. Түркістан облысының полицейлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бөлек, әлеуметтік желілерге де тексерулер жүргізіп, тиісті жұмыстарды атқарып келеді. Мәселен әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде полицейлер, Instagram парақшаларының бірінде жол жиегінде маймылдың электр бағанасының үстіне шығып кетіп, түсе алмай тұрғаны түсірілген бейнежазбаны анықтады. Бұл бейнежазба бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері бірден тексеру жұмыстарына жұмылдырылды. Атқарылған шаралардың нәтижесінде оқиға Сарыағаш қаласындағы көшелердің бірінде орын алғаны белгілі болды. Маймылдың иесі сарыағаштық тұрғын болып шықты. Оның айтуынша, ол жануарды тасымалдап бара жатқанда, аң абайсызда тордан шығып кеткен. Содан оны биіктен түсіру мақсатында тұрғын пневматикалық қарумен бірнеше рет ауаға атып, жерге түсірген. Содан соң маймылды ұстап, қайта торына салып, алып кеткен. Қазіргі таңда Сарыағаш АПБ қызметкерлері маймылдың иесінің жасаған іс-әрекетін зерделеп, тиісті құжаттарын тексеріп, жауапкершілігін қарауда.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға