USD
USD
USD

Маймыл шешегін жұқтырғандар саны 200-ге жетті

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі айтты.

Маймыл шешегін жұқтырғандар саны 200-ге жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұйым мәліметінше, маймыл шешегін жұқтырғандар санының артуы эндемиялық аймақтарға жасалған сапарларға байланысты емес. Кейінгі мәліметтер бойынша, инфекция көбіне ерлер арасында анықталған.

Айта кетейік, қазір Испанияда расталған жағдайдың ең көп саны тіркелген. Ел билігі инфекцияның 25 жаңа жағдайын растады, нәтижесінде ауру жұқтырғандар саны 84-ке жетті. Одан кейін Ұлыбританияда 14 жаңа жағдай тіркелгені анықталды, онда жұқтырғандар саны 70-ке жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Женева университетінің Жаһандық денсаулық сақтау институтының директоры Антуан Флао маймыл шешек ауруын жұқтырғандар саны артуы індеттің басталғанын білдіруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Маймыл шешегі - адамдарға жануарлардан берілетін, 1970 жылдары Конго Демократиялық Республикасында тіркелген сирек кездесетін вирустық зоонозды ауру. Симптомдарына бас ауруы және тері бөртпелері жатады. Бөртпе беттен басталып, дененің қалған бөлігіне тарайды.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес