USD
USD
USD

Маймыл шешегі АҚШ-тың барлық штатына таралды

ABC News маймыл шешегімен ауырғандар АҚШ-тың 50 штатының бәрінде анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маймыл шешегі АҚШ-тың барлық штатына таралды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 22 тамызда маймыл шешегі Вайоминг штатында алғаш рет тіркелді. Бұл штат АҚШ-тың маймыл шешегімен ауырған адамдар тіркелмеген жалғыз штаты болып тұрған еді.

Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметі бойынша, АҚШ-та қазірдің өзінде 15 433 адам ауырған. Ең көп жұқтырғандар Нью-Йорк штатында (2910 адам), Калифорнияда (2663 адам) және Флоридада (1588 адам).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазірдің өзінде әлемде 35 мыңнан астам адам маймыл шешегі вирусын жұқтырғанын хабарлады. Әзірше Қазақстанда маймыл шешегі вирусының бірде-бір жағдайы анықталған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры