USD
USD
USD

Мәйітханалардың жағдайы қалай?

Республикалық қоғамдық бақылау тобының еріктілері Қазақстан аймақтарындағы мәйітханалардың жағдайын көріп шошыды. Бұл туралы бірлестіктің үйлестірушісі Саида Таукелева айтты.

Мәйітханалардың жағдайы қалай?
Фото: NEGE.kz

Айта кетейік, Қазақстанда осымен бірнеше ай бойы республикалық қоғамдық бақылау тобы жұмыс істейді, олар – әр өңір тұрғындарының шағымдарын тексеретін еріктілер. Жақында еріктілер Қостанай, Павлодар және Маңғыстау облыстарында болып қайтты.

«Ешкім де менің қайда баратынымды білмейді, сондықтан менің келетінім туралы ауруханадағыларға ешкім ескерте алмады. Дайындалуға мүмкіндік жоқ. Алдымен біз Қостанай облысының Рудный қаласына бардық. Мәйітханаға барғым келетінін айттым. Бұл ғимарат 70-жылы салынған. Жөндеу кеңес заманында соңғы рет жасалған шығар», – дейді Таукелева.

Оның айтуынша, шілдеде мәйітхана толып кеткен, бос орындар болмаған.

«Біздің мәйітханалар мұншалықты мәйітке арналмаған, нақты сыйымдылығы тоғыздан аспайды. Ондаған мәйіт әкелгенде, елестетіп көріңіз... Ал олардың рәсімдерін жүргізу. Адамдар тәулік бойы жұмыс істейді», – дейді ол.

Саида Таукелева еріктілердің басты міндеті барлық проблеманы анықтап, оны жою екенін айтады Мысалы, Ақтау мәйітханасына рейд кезінде медициналық спирттің жоғы анықталған.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп