USD
USD
USD

Мәйітханада жеті сағат жатқан ер адам тіріліп кетті

Үндістанның Морадабад қаласында 40 жастағы ер адамды мотоцикл қағып кетеді. Дәрігерлер оның көз жұмғанын айтып, денесін мәйітханаға жіберген.

Мәйітханада жеті сағат жатқан ер адам тіріліп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ер адамды сойып тексеруге туыстары келісім берген. Шрикеш Кумардың мұздатқышта жатқанына жеті сағат өткен кезде «марқұмның» қалыңдығы оның тыныс алып жатқанын байқап қалған. 

Жедел жәрдем қызметкерінің айтуынша, түнгі сағат үш шамасында ер адамды бірнеше рет тексерген, алайда жүрегі соқпаған.

«Осыдан кейін ол өлгендер қатарына жатқызылған, бірақ таңертең полиция мен отбасы оның тірі екенін анықтады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Енді біздің басты міндетіміз – оның өмірін сақтап қалу»,  –  деді қаланың бас дәрігері Шив Сингх.

Қазір Кумар Мирут қаласындағы медицина орталығында емделіп жатыр, оның жағдайы жақсарды. Қалыңдығының айтуынша, науқас әлі есін жиған жоқ. Ол Кумардың отбасы салғырттық танытқан дәрігерлердің үстінен шағым түсіруге шешім қабылдағанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков