USD
USD
USD

Майгүл Омарованың қамауда отырғанын прокуратура растады

Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарованың қамауда отырғанын облыстық прокуратура растады.

Майгүл Омарованың қамауда отырғанын прокуратура растады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сот санкциясына сәйкес 51 жастағы басқарма басшысы сыбайласымен бірге екі айға қамауға алынған. Яғни, Майгүл Омаровамен қатар бұл іске қатысы бар өңірлік ақпараттық технологиялар орталығының директоры 28 жастағы Арапби Меңлібаев екі айға қамалса, білім басқармасының бас маманы, 31 жастағы Бақыт Абдолданова үйқамақта.

«4 ақпанда Талдықорған мамандандырылған тергеу соты күдіктілер М.Т. Омарова мен А.А. Меңлібаевқа қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдікті Б.С. Абдолданова үйқамаққа алынды» деп хабарлады Алматы облысының прокуратура өкілдері.

Тергеу материалдарына сәйкес, Майгүл Омарова 2020 жылдың қазан-қараша айларында жалпы сомасы 406 миллион теңгеге 2522 ноутбук жеткізуге және пандемиямен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде сатып алынған ноутбуктерді кедергісіз қабылдауға мемлекеттік сатып алу шартын жасаған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза