USD
USD
USD

Майданда қаза болған екі қазақстандық жауынгердің сүйегі ресми делегацияға табысталды

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан екі қазақстандық жауынгердің сүйегі Қазақстанда жерлеу үшін ресми делегацияға табысталды, деп хабарлайды РФ қорғаныс министрлігі.

Майданда қаза болған екі қазақстандық жауынгердің сүйегі ресми делегацияға табысталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Салтанатты шара Мәскеудің жанындағы Мытищи қаласында өтті. Бес жауангердің сүйегі жерлеу үшін ресми делегацияларға табысталды. Олардың екеуі - қазақстандық. Біреуі - Жамбыл облысының тумасы, шекарашы Қадірбек Дәулетқұлов, екіншісі - Гурьев (қазіргі Атырау) қаласының тұрғыны болған - Қасым Әдиев. Екеуі де 1941-1943 жылдары аралығында майданда қаза тапты.

Іс-шараға РФ федерация кеңесінің өкілдері, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев, Қазақстанның сол елдегі әскери атташесі және басқа да ресми түлғалар қатысты. Салтанатты шара барысында қаза тапқан жауынгерлердің туыстарына іздеу жұмыстары кезінде табылған жеке медальондар мен жауынгерлердің жеке заттары табысталды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар