USD
USD
USD

Махмұд Сабырхан жеңіске жетті

Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Махмұд Сабырхан жеңіске жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Белградта бокстан әлем чемпионатының 1/2 финалының жекпе-жектері жалғасуда. 54 келі салмақ дәрежесі бойнша жартылай финалда қазақстандық Махмұд Сабырхан қарсыласынан басым түсті. Ол үндістандық Акаш Кумарды ұтып, әлем чемпионатының финалына жолдама алды. 

Бұл Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы екінші финалы болып саналады. Осыған дейін 48 келіде Теміртас Жүсіпов финалға шыққан болатын. 

Белград шаршы алаңында финалдық жолдаманы сарапқа салу үшін Қазақстан сапынан тағы үш спортшы шығады. Олар: Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов және Сәкен Бибосынов.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова