USD
USD
USD

Махмұд Телеғұсов, отставкадағы генерал-майор: Мақсатымыз – мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтуға көмектесу

Бүгін офицерлер үйінде «Офицерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің таныстыру және президиум мүшелерін сайлау жиыны өтті. Жиынға қоғамдық бірлестіктің Алматыдағы мүшелері және Астанадан арнайы өкіл қатысты.

Жиын
Фото: NEGE

Естеріңізге салайық, «Офицерлер одағы» жуырда ғана құрылды. Қоғамдық бірлестіктің Президиум төрағасы – әскери қайраткер, отставкадағы генерал-майор Махмұд Өтегенұлы Телеғұсов.

Жиынның шымылдығын ашқан Махмұд Өтегенұлы қоғамдық бірлестікті құрудағы мақсатын түсіндіріп, алдағы жоспарлары туралы айтты.

Генерал
Фото: NEGE

«Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында және Ұлттық құрылтайдың әрбір отырысында мемлекеттің қауіпсіздігіне, шекарамыздың беріктігіне, кәсіби әскер құру қажеттігіне қатысты ойын жиі айтады. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселесі де Президенттің назарынан тыс қалған емес.

«Офицерлер одағы» қоғамдық бірлестігі президенттің тапсырмасын орындауға барынша атсалысады. Біздің де мақсатымыз – келер ұрпақтың бойына отансүйгіштіқ қасиетті сіңіріп, патриоттыққа тәрбиелеу және мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтып, кәсіби әскер құруға көмектесу.

Қазір бүкіл әлем беймаза күйде. Мемлекеттігімізге сырттан да, іштен де қауіп бар. Бір ғана қаңтар оқиғасы ішкі жаулардың қаншалықты қауіпті екенін көрсетті. Сондықтан да сіз болып, біз болып, осы қауіп-қатерлерге қарсы тұруымыз керек.

Біздің мемлекетімізге тікелей қауіп төндіріп отырған тағы бір дерттің бірі – әскердегі жемқорлық. Біз мұнымен шаршамай-талмай күресе беруіміз керек», – деді генерал-майор.

Жиналыс
Фото: NEGE
Офицер
Фото: NEGE

Жиын барысында қоғамдық бірлестік Президиумының және есеп комиссиясының мүшелері сайланды, басқа да қоғамдық ұйымдармен бірлескен меморандумдарға қол қойылды.

Ресми жиыннан соң Махмұд Өтегенұлы қоғамдық бірлестік мүшелеріне Алғыс хаттар тапсырып, арнайы қонақтарды Сағадат Нұрмағамбетов атындағы медальмен марапаттады.

Ал ертең 28 панфиловшылар саябағында «Офицерлер одағының» ұйымдастыруымен Соғыс ардагері, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, көрнекті қоғам қайраткері, Совет одағының батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толуына орай салтанатты шаралар өтеді.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Референдум

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

.

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Маңғыстау облысы

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум