USD
USD
USD

Махмұд Сабырхан: «Алғашқы екі раундта жеңісті бермеген соң, соңғы кезеңде көп күш салмадым»

Бокстан Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі Париж Олимпиадасын алғашқы айналымда аяқтады. Махмұд Сабырхан испаниялық Хосе Кильеске есе жіберіп, Олимпиададағы сәтсіздігіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Olympic.kz.

Махмұд Сабырхан
Фото: Тұрар Қазанғапов

Астана, NEGE. "Бұл жекпе-жекте барымды салдым. Қарсыласымның қапталдан ұрған соққылары өтіп кетті. Негізі, бір раундта 0:5 есебімен ұтылдым деп ойламаймын.

Төрешілер екі раундта да жеңісті қарсыласқа берген соң, үшінші раунд ештеңені шешпейтінін түсіндім. Алға көп бармай, күтіп алуға тырыстым.

Шыны керек, бірінші раунд бәрін құртып жібердім. Бұл раундты мен алдым деп ойлаймын. Екінші раундта да жеңілдім деп ойламаймын.

Осымен, Олимпиаданы аяқтадық. Мен қатты шаршағаным жоқ. Тек төрешілер жеңісті бермей жатқасын, үшінші раундта қарсыласты күтіп алуға тырыстым", - деді Сабырхан.

Айта кетелік, осымен Қазақстан командасының үшінші боксшысы жарысты аяқтады. Бұған дейін Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+92) турнирдің бірінші айналымында жеңілген еді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.