Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Махамбет Досмұхамбетов: Атырау облысы жедел жәрдем көлігімен 100 пайыз қамтылған

Бүгін, 10 қараша күні Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов​ облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына жаңадан келген 18 жедел жәрдем көлігінің кілтін салтанатты жағдайда табыстады, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. ​

Махамбет Досмұхамбетов: Атырау облысы жедел жәрдем көлігімен 100 пайыз қамтылған
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. «Өңір халқының медициналық шақыртуларын уақытылы жүзеге асыру үшін өңірде барлығы 75 автөлік қызмет атқарып келеді. Енді міне, олардың қатары 18 жаңа автокөлікпен толығып отыр. Осы арқылы облыстың жедел жәрдем көлікпен қамтылу деңгейі 100 пайызға жетті», - деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов. ​ ​

Заманауи автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған​ қажетті құралмен-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Медициналық жедел жәрдем көліктері «ҚДБ-Лизинг» есебінен алынды.​

Көліктердің 8-і аудандық емдеу мекемелеріне жіберіледі, қалған 10 автокөлік Атырау қаласы тұрғындарының жедел жәрдем шақыртуларына бөлінеді деп жоспарлануда.​ ​ ​
Қазіргі уақытта облыста барлығы 93 жедел жәрдем медициналық көлігі бар. Оның 46-сы биылғы жылы әкелініп отыр.​

Бүгінгі күні Атыраудың жедел жәрдем станциясы 100 пайызға автокөліктермен толықты. Ал, станциядағы жедел жәрдем көліктерінің 70 пайызы жаңарған. Айта кетейік, ескі деген медициналық көліктер осыдан 2-3 жыл бұрын келген.

Келесі жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен​ қосымша 60 санитарлық автокөлікпен жабдықтау жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz