Референдум Референдум
USD
USD
USD

Махамбет ауданындағы егіс көлемі екі есеге артты

Биыл Атырау облысының Махамбет ауданында 71 шаруашылық пен жеке секторда жалпы көлемі 5 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе артық, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жиын-терім науқаны тиісті деңгейде ұйымдастырылып, жоспар 100% орындалды. Нәтижесінде картоптан 3,7 мың тонна, көкөністен 37 мың тонна, бақша өнімдерінен 20,6 мың тонна, мал азықтық дақылдардан 16,5 мың тонна өнім жиналды.

Көктемгі дала жұмыстарына 8 шаруашылыққа 260 тонна жеңілдетілген дизель отыны беріліп, толықтай игерілді. Сонымен қатар күзгі дала жұмыстарына 12 шаруашылыққа 156 тонна дизель отыны бөлініп, шаруашылықтар тарапынан түгел пайдаланылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Махамбет ауданында мал шаруашылығы да тұрақты өсім көрсетті. Мүйізді ірі қара – 19 мың бас(102%), жылқы – 9,3 мың бас (100,6%), түйе – 4,7 мың бас(102,4%), қой-ешкі 38 мың(100,5%) басқа жетті.

Наурыз-сәуір айларында аудан аумағындағы төрт түлік толық есепке алынып, алынған мәліметтер бірдейлендіру дерекқорына енгізілді.

Өндіріс көлеміне тоқталсақ, 4,4 мың тонна сүт, 1 447 тонна ет және 41,8 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда жұмыртқа өндірісі 2 есе артық өсім көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда