Махачкала әуежайында бір топ адам Израильге қарсы наразылық акциясын ұйымдастырды

29 қазан күні кешке бір топ адам Дағыстандағы Махачкала халықаралық әуежайына басып кірді.
Алматы, NEGE.Тәртіпсіздікке Израильден ұшып келген ұшақ себеп болған.
Адамдар 29 қазан күні кешке әуежай маңына (Махачкаладан шамамен 16 шақырым және Каспийскіден 4,5 шақырым жерде орналасқан) жинала бастады. Жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де (Мәскеу уақытымен бірдей) WZ 4728 рейсі Тель-Авивтен (Бен Гурион) ұшып келді.
Тель-Авивтен Red Wings әуе компаниясының ұшағы келіп қонған соң бір топ адам Махачкала әуежайының ұшу-қону жолағына өтіп кеткен. Олар Израильден ұшып келген жолаушыларды табу үшін адамдардың төлқұжаттарын тексере бастады. Сонымен қатар олар Израильді Палестина халқына зұлымдық жасады деп айыптап, елдің азаматтарына Дағыстанға кіруге тыйым салуды талап еткен.
Әуежайға Дағыстанның Ұлттық саясат министрі Еңрик Мүсілімов келіп, жиналғандарды тарауға шақырды. Онымен бірге облыстың Жастар істері министрі Камиль Саидов та келді.
Әуежай аумағына баса көктеп кіргендер ұшақты қоршап алған, кейін оқиға орнына арнайы жасақ жеткен. Тәртіпсіздік барысында қоймалар қиратылып, дүкендер тоналды. Салдарынан 20 адам зардап шеккен, олардың 10-ы ауруханада, екеуі өте ауыр жағдайда. Зардап шеккендердің ішінде полицейлер де, тұрғындар да бар.
Махачкала әуежайы 6 қарашаға дейін уақытша жабылады, деп хабарлады жергілікті құзырлы органдар.