USD
USD
USD

Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына басшы болды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының шешімімен және Президент әкімшілігінің келісімімен Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына басшы болды
Фото: NEGE.kz


Астана, NEGE.   Бұл жайында ақпарат қордың ресми сайтында жарияланды. Бүгін таңертең Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылған еді. Мағзұм Маратұлы 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған.

«Тұран» университетін, Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын, Ш.Есенов атындағы Қазақ мемлекеттік технология және инжиниринг университетін бітірген.

2001-2004 жылдары - Теңіз және Батыс Сібір кеніштерінде «MIDrillingFluidsInternational» (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер.

2004-2007 жылдары - «MIDrillingFluidsInternational» Ақтау филиалында бизнесті дамыту менеджері, өндіріс жөніндегі менеджер, филиал басшысы. 2007-2010 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.

2010-2012 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2010-2013 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инновациялық дамыту және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары.

2013-2014 жылдары – ҚР мұнай газ вице-министрі.

2014-2019 жылдар – ҚР энергетика вице-министрі.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болды.

2022 жылдың қаңтарынан бері Президент кеңесшісі қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Өлімге әкелген көлік жарысы: Алматыда полицейлер тексеріліп жатыр

Көлік

Президент қысқы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады

Тоқаев, Хамитов

Қазақстанда жаңа шетелдік банк ашылады

ADCB

ҰҚШҰ Иранды қолдап, «аймақтан тыс күштердің арандатушылық әрекеттерін» айыптады

ҰҚШҰ