USD
USD
USD

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық нәтижесі жарияланды

Бүгінгі күнге дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді (КТ) 39 мыңнан астам үміткер тапсырды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Білім
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Аралық қорытынды бойынша:

– Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 52%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинаған;

– Ғылыми-педагогикалық бағыттағы орташа балл — 78, ал бейінді бағытта — 23 балл;
Ең жоғары нәтиже — 139 балл.

Сонымен қатар, тестілеу барысында тәртіп бұзғаны үшін 99 адамның нәтижесі жойылды. Атап айтқанда:

Тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 67 үміткер тест тапсыру құқығынан айырылды. Тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін 31 адам аудиториядан шығарылды. 1 бөгде адамның қатысқаны анықталды.

Еске салайық, магистратураға қабылдауға арналған кешенді тестілеу 21 шілдеде басталған және 7 тамызға дейін жалғасады.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12–18 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланбақ.

Қазір оқып жатыр

Бұрынғы депутат Ринат Зайытов қорғаныс саласына қарасты орталықтың басшысы атанды

Ринат Зайытов

Үш карьер қазып, жерді бүлдірген: Қарағанды облысында заңсыз кен өндірісі тоқтатылды

ҚМА

Алтынбек Қоразбаев, Нұржұман Ықтымбаев: Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қоразбаев, Ықтымбаев

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ