USD
USD
USD

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратура бойынша грант тағайындау конкурсының нәтижелері 25 тамызға дейін жарияланатынын хабарлады.

грант
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, бүгін, 21 тамызда 2026-2027 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өткен. Комиссия отырысында үміткерлердің өтініштері қаралған.

«Грант тағайындау конкурсының нәтижелері 25 тамызға дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады», – делінген ресми ақпаратта.

Биыл магистратура бойынша грант конкурсына 23 мыңға жуық өтініш қабылданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық. Болашақ магистранттар арасында «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттары көбірек сұранысқа ие болған.

Болашақ магистранттарды қабылдау 28 тамызды қоса алғанда жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Астана тұрғындарынан 413 млн теңгені алдап алған жетеудің ісі сотқа жолданды

Қылмыстық іс

Маңғыстауда мұнайшыларды наразылыққа үгіттеу ісін ҰҚК тергеп жатыр

ҰҚК

Белгісіз меценат талдықорғандық жас домбырашының миллион теңгеге жуық несиесін жауып берді

Талдықорғандық домбырашы

Бұрынғы депутат Ринат Зайытов қорғаныс саласына қарасты орталықтың басшысы атанды

Ринат Зайытов