USD
USD
USD

Магдебургтегі рождестволық базарда теракт болды

Магдебургтегі Рождестволық базарда көлік бір топ адамды қағып кетті. Германия билігі кемінде 11 адамның қаза тауып, 80-нен астамы жараланғанын мәлімдеді, деп хабарлады Kazinform.

атыс
Фото: BILD

Алматы, NEGE. Саксония-Анхальт үкіметінің өкілі бұл «шабуыл болуы мүмкін» дейді.

Қаланың баспасөз хатшысы Майкл Рейфтің айтуынша, «Рождестволық базарға шабуыл жасалды». Неміс полициясы мұны әлі растаған жоқ.

Полицияның мәліметінше, қаза тапқандар саны кемінде он бір. Жергілікті БАҚ «көптеген адам жарақат алды» деп хабарлады.

Германия канцлері Олаф Шольц X платформасында: «Магдебургтен жеткен хабар нашар болжам жасауға мәжбүрлейді. Құрбандардың жақындарына көңіл айтамын. Біз солардың, Магдебург тұрғындарының жағындамыз. Осы қиын сағаттарда құтқару қызметтеріне ризашылығымды білдіремін» деп жазды.

Магдебург полициясы өкілінің мәлімдемесіне сәйкес, қылмыскердің өз бетінше әрекет еткен-етпегені әлі белгісіз. Ол «рождестволық базар арқылы кем дегенде 400 метр жүрді» дейді полиция.

Қазір оқып жатыр

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес

Berlin Today: Қазақстан Орталық Азияның экономикалық орталығына айналуда

Астана