USD
USD
USD

Мафияша ескерту: Orda.kz редакциясына шошқаның басын жолдады

Orda.kz порталының редакциясына белгісіз біреулер жеке курьер жалдап, шошқаның басы оралған қорап жіберген. Бастың аузына «Орданың» бас редакторы Гүлнара Бажкенованың жыртылған суретін қыстырған. Ол осы қорқыту әрекетін тікелей журналистік қызметімен байланыстырады.

Мафияша ескерту: Orda.kz редакциясына шошқаның басын жолдады
Фото: NEGE.kz

Гүлнара Бажкенованың айтуынша, портал бірнеше мәрте Жусан банкті сынаған материалдар жариялаған. Содан кейін түрлі анонимді қоқан-лоқы көбейген.

«Әрине, полицияға хабарластық. Бұған дейін де редакция ғимараты маңына менің балама ескерту жасап, қорқытқан жазу пайда болған-ды. Соны полиция тергеп жатқан. Енді менің өзіме ескерту жасап, шошқаның басын жіберіп отыр. Осылай өмір сүріп жатқан жайымыз бар», - дейді Гүлнара Бажкенова.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желі арқылы бұл жайтқа алаңдаушылық білдірді.

«Orda.kz» редакциясының қызметіне кедергі келтіретін жағдайды министрлік бақылауда ұстап отыр. Әріптестерге жасалған бұндай әрекетті айыптаймыз. Сонымен қатар «Orda.kz» редакциясына құқықтық тұрғыдан қолдау көрсетуге әзірміз», - деп жазды ол Фейсбук парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай