USD
USD
USD

Мадридте рақымшылыққа қарсы 170 мың адам бас көтерді

Испания астанасы Мадридте рақымшылық туралы заңға қарсы ірі наразылық акциясы өтті.

Мадридте рақымшылыққа қарсы 170 мың адам бас көтерді
Фото: NEGE.kz

Оған 170 мың адам қатысқан. Бірақ ұйымдастырушылар халық саны бұдан көп болғанын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Жұрт қамауға алынған оппозиция өкілдеріне қатысты құжатқа қарсы бас көтерген. Бірнеше күн бұрын қазіргі премьер-министр Педро Санчес жаңа мерзімге сайланған еді. 2017 жылы Каталонияның Испаниядан бөлінуін талап еткен депутаттар оның коалициясына дауыс берген. Бұл қолдауы үшін үкімет басшысы каталондық сепаратистердің жетекшілеріне рақымшылық жасау туралы заң жобасын әзірлеуге келісті. Бірақ шешім көптің көңілінен шықпай тұр. Наразы топ ол заң үстемдігіне қауіп төндіретінін айтады.

Иван Македа, ереуілші:

- Педро Санчес кез келген жолмен премьер-министр болуға дайын. Ол өз мүддесі үшін бұған дейін қабылданған сот шешімінің күшін жоймақшы. Ал бұл демократия қағидаттарына қайшы келеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасы жеңілістен көз ашпаса да, ван ’т Схип өзін нашар бапкер санамайды

Джон ван'т Схип

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев