USD
USD
USD

MADMEN тобының ұсталған мүшелері 15 жылға сотталуы мүмкін

Алматыда ұсталған есірткі сатушылар арасында танымал Q-pop орындаушылары – MADMEN тобының мүшелері болғаны белгілі. Енді олардың қанша жылға түрмеге кетуі мүмкін екені айтылды,

MADMEN тобының ұсталған мүшелері 15 жылға сотталуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE. Алматы полиция департаменті қазір оларға қатысты қамау шарасы қабылданғанын, істің Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша (есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау және сату) қаралып жатқанын хабарлады. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, онда олар мүлкін тәркілеумен 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Қылмыстық іске ұнтақ пен кесек түріндегі заттар тіркелгені белгілі болды. Ұсталғандардың айтуынша, ол "мефедрон" деген есірткі. Ұсталғандардың бәрі уақытша қамауда отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy