USD
USD
USD

Мәди Тәкиев Мәжіліс депутаты қызметінен кетті

Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды.

Мәди Тәкиев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Өткен аптада ол жаңартылған Үкімет құрамында Қаржы министрі қызметіне тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің «М.Т. Тәкиевті тағайындау туралы» 2024 жылғы 6 ақпандағы № 457 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Төкешұлы Тәкиевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Т. Тәкиевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін», – делінген Қаулыда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі

Цифрлық платформа істен шықса, такси жүргізушілері мен курьерлер табыссыз қалмауы керек – депутат

Такси