USD
USD
USD

Мәдениет және спорт саласының басшыларына сын айтылды

Бүгін Интерфакс-Қазақстан ақпарат агенттігінде мәдениет және спорт саласының мамандары Мәдениет және ақпарат министрлігіне базынасын жеткізді. 

Мәдениет және спорт саласының басшыларына сын айтылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәселен, «Сезам» қуыршақ театрының негізін қалаушы Қайрат Баяновтың айтуынша, 20 жылдан бері жұмыс істеп келген М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынан актер Ерлан Біләл келген соң аластатылған.

«Біз бәрімен де тіл табысып, балаларға қуаныш сыйлап келдік. Бұл театр біздің үйге айналды. 2017 жылы Ерлан Біләл келіп, қойылымды тоқтатамын деп бопсалап, ақша талап етті. Бұған шыдай алмай сыбайлас жемқорлық қызметіне хабар бердім. Алайда, жемқорды атақтарынан айырған жоқ. Керісінше, ол қайтадан театрға кеп, Абайдың рөлін сомдауға кірісіп кетті. Тіпті, келгенде сол кездегі директоры А.Маемиров шапан жауып, күтіп алғанын қайтерсіз» дейді.

Ал баласы республикалық спорт колледжінен шығып қалған ата-ана Рано Кененбаева оқу орнынан баласы себепсіз шыққанын айтады.

«Талай жарыста жеңіске жетіп жүрген талантты балаларға қысым жасалды. Олардың жаттықтырушысы Төлеген Тілеумұратовты жұмыстан шығару үшін балаларды  пайдаланды» дейді.

Ал жаттықтырушының айтуынша, директор Амалбек Тшанов басқаратын «Барыс» клубы оған бірауыздан қарсы болған. Себебі, ол «кез келген мәселені ашық айтатынмын» дейді.

Қазір оқып жатыр

Байжансайдағы оқиға: депутат қамауға алынды

ү

ERG Бразилиядағы темір кені активтерін сатуға жақын – БАҚ

ERG

«Ғажайып ғасырдағы» Сүлеймен сұлтан Алматыда жанкүйерлерімен кездеседі

.

Қазақстанда қаржы өнімдерінің жарнамасына қойылатын талап күшейеді

банк