Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мәдениет және спорт министрлігінің шендісі парамен ұсталды

Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғасына қатысты пара алу ісі бойынша жаңа тергеу басталды.

Мәдениет және спорт министрлігінің шендісі парамен ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тергеу мәліметінше, ол 10 млн теңге және құны 13 млн теңге болатын "Тоyota Hilux" автокөлігін параға алған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаменті тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті.

- Шығыс Қазақстан облысында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Риддер қаласындағы спорттық оқу корпусы құрылысы кезінде ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру ісін тергеу барысында ашылған жаңа қылмыстық эпизодқа қатысты жаңа тергеуді бастады. Пара алу күдігіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары ілікті, - деді Биғайдаров.

Тергеу мәліметінше, ол Риддердегі олимпиадалық резерв мектебінің оқу корпусы құрылысы барысында атқарылған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 10 млн теңге және құны 13 млн теңге болатын "Тоyota Hilux" автокөлігін параға алған.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді