USD
USD
USD

Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шықты

Жемқорлық дауына іліккен Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбеков мемлекетке 62 млн теңгеден астам айыппұл төлейтін болды.

Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Алматыдағы Түрксіб аудандық соты Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбековке қатысты үкім шығарды. Сот қорытындысы бойынша бұрынғы вице-министр алаяқтығы үшін кінәлі деп танылды. Сәкен Мұсайбеков Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған болатын.

«Сот оның Мәдениет және спорт вице-министрі ретінде 2021 жылғы 18-21 ақпан аралығында ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағанын анықтады. Мұсайбеков пен Алматы қаласы прокурорының орынбасары арасындағы кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім бойынша прокурор соттан Мұсайбековке пара сомасының он есе мөлшерінде - 62 394 00 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындау туралы өтініш жасады», - деп түсіндірді Түрксіб аудандық соты. Сот экс-шенеунікті кінәлі деп танып, прокурордың талабын қанағаттандырды.

«Жаза тағайындау кезінде сот кінәні мойындау туралы жасалған процессуалдық келісім бойынша Мұсайбековке ұрланған мүліктің он еселенген мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жазаны тағайындау мүмкін екені туралы қорытындыға келді. Сот Сәкен Мұсайбеков жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілік дәрежесін, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды, тағайындалған жазаның оны түзеуге және оның өмір сүру және отбасы жағдайларына әсерін назарға алды. Үкім заңды күшіне енді», - делінген соттың ресми мәліметінде.

Қазір оқып жатыр

Діни маркетинг: қасиетті құндылық пен коммерцияның арасы қайда?

Діни маркетинг

Алматыда тұрғын үй кешенінде шыққан өрт кезінде әйел адам көз жұмды

Алматыдағы өрт

Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстары келесі жылға шегерілді

мұнай-өңдеу зауыты

Құрылтай сайлауы: ОСК алдын ала нәтижелерді жариялады

Сайлау туралы заң