USD
USD
USD

Мәдениет және спорт министрі отставкаға қашан кететінін айтты

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте өзінің отставкаға қашан кететіні жөніндегі сұраққа жауап берді.

Мәдениет және спорт министрі отставкаға қашан кететінін айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министр "Министрдің қарамағында жұмыс істеген орынбасар Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, Райымқұлова отставкаға кетуге дайын ба?" деген сұраққа ең алдымен кінә дәлелдену қажеттігін алға тартты.

"Конституцияға сәйкес кінәсіздік презумпциясы бар деп айтқым келеді. Ең алдымен, кінәні дәлелдеу керек. Егер кінә дәлелденсе, онда, әрине, заңға сәйкес, мен отставкаға кетемін. Бірақ бұл кінә дәлелденген жағдайда", - деді Ақтоты Райымқұлова. 

Еске салсақ, Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтың ұсталғаны туралы ақпарат 22 ақпанда тарады. Шенеунік букмекерлік қызмет саласындағы мүдделерге қолдау көрсетті және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy