USD
USD
USD

Мәдениет үйінің директоры 888 мың теңге жымқырды

Ақмола облысы, Есіл ауданының мәдениет үйінің директоры мемлекет бюджетінен қаржы жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды. 

Мәдениет үйінің директоры 888 мың теңге жымқырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ол бюджет қаржысынан 888 мың теңгені мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында іс жүзінде жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалақы аудару арқылы жымқырғаны үшін күдікке ілінді», – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші бөлімінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров Нұр-Сұлтандағы брифингте.

Данияр Биғайдаровтың айтуынша, 12 ақпанда Есіл аудандық сотының шешімімен кінәлі деп танылып, төменгі қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен екі жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар, оған мемлекеттік қызметте лауазымды орындарға тағайындалуға тыйым салынған. 

Қазір оқып жатыр

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші