USD
USD
USD

Мәдениет үйіне «бомба қойған» жасөспірім ұсталды

Әзіл үшін Саран қаласы маңындағы елді мекеннің мәдениет үйінде жарылғыш зат орнатылды деп хабарлаған жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәдениет үйіне «бомба қойған» жасөспірім ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 17 қазан сағат 22:00 шамасында Саран қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз біреу қоңырау соғып, қалаға қарасты елді мекеннің мәдениет үйінде жарылғыш зат орнатылды деп хабарлаған.

Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылары жіберілді. Ғимаратты және оған тиесілі аумақты қарау барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Қарағанды облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес және Саран қалалық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 16 жастағы жасөспірім ұсталды.

Ол бұндай іске әзіл үшін барғанын мойындады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына “Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау” сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси