USD
USD
USD

Мәдениет үйіне Бибігүл Төлегенованың есімі беріледі

Семейде қалалық мәдениет үйіне Социалистік Еңбек Ері, КСРО халық әртісі, СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегенованың есімі беріледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Мәдениет үйіне Бибігүл Төлегенованың есімі беріледі
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Семей әкімі Ермак Сәлімов қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, 16 желтоқсанда жерлестері Ұлы Даланың бұлбұлы Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың 90 жасқа толатынын хабарлады. «Бибігүл Ахметқызы Төлегенова ЮНЕСКО-да ХХ ғасырдағы ғасырдың көрнекті 20 әйелінің бірі ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген. Бибігүл Ахметқызына құрмет көрсете отырып, біз Семей жерінің шын мәнінде киелі екенін тағы бір рет атап өткіміз келеді. Бізде мақтанатын дүниелер бар!», – деді өзінің құттықтау сөзінде Ермак Сәлімов.

Сонымен қатар, әкім Семейдегі қалалық мәдениет үйіне Бибігүл Төлегенованың есімін беру үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын баса айтты. «Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Амандық, барлық істеріңізге сәттілік және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!», – деп сөзін қорытындылады қала басшысы. Салтанатты жиын барысында мерекелік концерт өтіп, қала тұрғындарына марапаттар табысталды.

 

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.