USD
USD
USD

Мәдениет үйі бағасы Т16,6 млн. тұратын жеңіл көлік сатып алмақ

Шығыс Қазақстан облысындағы аудандық мәдениет үйі бағасы Т16,6 млн астам тұратын жеңіл көлік сатып алмақшы.

Мәдениет үйі бағасы Т16,6 млн. тұратын жеңіл көлік сатып алмақ
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Тапсырыс беруші – «Абай аудандық мәдениет үйі» КМҚК; атауы – автомобиль; қосымша сипаттамасы – жеңіл автомобиль; саны – біреу; жоспарлы сомасы – Т16,54 млн», - делінген мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында.
Конкурс 16 шілдеде жарияланған, өтінімдерді қабылдау 17 шілдеде сағат 9.00-де басталады және 21 шілде 18.00-ге дейін жалғасады.
«Лоттың сипаттамасы – жеңіл, класс С, автоматты трансмиссия, көлемі 2000 куб.см астам; жеткізу орны – 633230100, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қараауыл ауылы, Мамай, 40; сатып алынатын тауарлардың сипаттамасы және талап етілген қызметтік, техникалық, сапалық және эксплуатациялық сипаттамалары - жалпы құрал, жаңа, айдалмаған, 2020 жылы шығарылған, тауар сапасына кепілдік: екі жыл немесе айдауы шексіз, шанағының түрі лифтбек, базалық жиынтық, түсі ақ», - делінген конкурстың техникалық ерекшелігінде.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов