USD
USD
USD

Мәдениет саласының бірқатар қызметкері мемлекеттік стипендия иегері атанды

Алматыда мәдениет саласы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының 2019 жылғы мемлекеттік стипендиясы берілді.

Мәдениет саласының бірқатар қызметкері мемлекеттік стипендия иегері атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын табыс етті. Стипендиялар жыл сайын Қазақстан Республикасының құрметтi атақтары мен мемлекеттiк марапаттарына ие болған шығармашылық өкілдері мен мәдениет қайраткерлеріне, сондай-ақ Қазақстанның мәдениетін қалыптастыруға, сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін айрықша дарынды шығармашыл жастарға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатымен берiледi.

Қырымбек Көшербаев салтанатты рәсімге қатысушыларды құттықтап, оларға мемлекеттік стипендияның тапсырылуы Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлестеріне берілген баға екенін айтты. Бұл -  мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлерін қолдау мен қамқорлығының айғағы. Әбдіжәміл Нұрпейісов, Жүрсін Ерман, Нұрлан Оразалин, Меруерт Өтекешова сынды қазақ өнері мен мәдениеті және әдебиетінің дамуына үлес қосқан 75 азамат стипендия иегері атанды. Олардың қатарында Канн халықаралық кинофестивалінің лауреаты Самал Есләмова, актриса Айнұр Рахипова, балет әртісі Бақтияр Адамжан секілді жастар да бар.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.