USD
USD
USD

Мәдениет министрі мәдениетті ме?

Естеріңізге салайық, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қайбір күні елдегі туризм саласына қатысты есеп беру кезінде тілшіге қалджыңдаймын деп, сөзге қалған еді. 

Мәдениет министрі мәдениетті ме?
Фото: NEGE.kz

Министр Бозжырадағы туризмді дамыту үшін қандай жоспар бар екенін айтып, журналистің өзіне «Сверху или снизу?» деген сұрақты бес мәрте қойған еді. Министрдің осы қылығына қатысты мәселені Nege тілшісі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Д.Абаевтың өзінен сұрады .

«Біздің әріптестеріміз де, басқа жұрт та сіздің сол кездегі қылығыңызды дұрыс қабылдаған жоқ. Мұндай нәрсе Мәдениет министріне жарасады деп ойлайсыз ба?», – деген сауал қойды тілшіміз. 

«Бұл 3-4 апта бұрын айтылған нәрсе ғой. Ол Бозжыраға қатысты болатын. Бозжыраға барудың екі тәсілі бар. Мәселе сол бойынша болды. Мен тек өзімнің не айтқаныма, қалай айтқаныма жауап беремін. Бірақ оны қалай қабылдағыларыңыз келетініне жауап бермеймін. Әріптестер, сол себепті Бозжыра туралы болғанды, Бозжыра қылып айту керек», – деп жауап берді Абаев. 

Демек, Дәурен Абаев өзінің әрекетін ерсі санамайды. «Ол кезде Бозжыраны боздатып едім» деген Абаевтың көмекейі қалай бүлкілдегенін сол кезде бәрі көрген. Мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеухан да өткен жылдың соңында журналистің жеке басына тиетін сөздер айтып, басы дауға қалғаны ұмытылған жоқ. 

«Ескі Қазақстанның» кадрлары Жаңа Қазақстанда да ескі тәсілмен жұмыс істеп жүргеніне бір дәлел осы...

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

Пәтер кілті