USD
USD
USD

Мәдениет министрі дәретхана мәселесін көтерді

Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әкімдікке дәретханалардың жай-күйіне қатысты сауал жолдады. Оның айтуынша, бұл мәселені жеке бизнесті тарту арқылы шешу керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет министрі дәретхана мәселесін көтерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап туризм саласын мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары қолданысқа енгізілгенін еске салды.

Министр өңірлердің назарын дәретханалар жағдайына аударып, бұл мәселені жеке бизнесті тарту арқылы шешуді ұсынды.

«Бізде шартты түрде Қоянды – туристер көп келетін тамаша жер, бірақ дәретханалары жұмыс істемейді. Себебі бұл өте қымбат. Олардың су құбырына қосылуы күмәнді», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Жиында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазіргі бағдарламалар туризм саласының нақты сұранысын қанағаттандырмайтынын атап өтті.

«Бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет. Облыс әкімдіктерінің, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, туристік нысандарды инженерлік инфрақұрылыммен уақтылы қамтамасыз ету шараларын қабылдауға назарын аударамын. Қызмет көрсету сапасына, туристік қызмет көрсетуге басты назар аударылып, биодәретхана мәселесі де шешілуі керек», - деді Әлихан Смайылов.

Қазір оқып жатыр

Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстары келесі жылға шегерілді

мұнай-өңдеу зауыты

Құрылтай сайлауы: ОСК алдын ала нәтижелерді жариялады

Сайлау туралы заң

Мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен бюджетке 30 млрд теңге түспей қалған

Ақша

Қазақстанда мектеп формасы жалпы инфляциядан 1,5 есе жылдам қымбаттаған

Қымбатшылық