USD
USD
USD

Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы көбейеді

1 шілдеден бастап «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысы 75%-ға өседі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Шымкенттегі кездесуде айтты.

Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы көбейеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мәдениет және архив ісі ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен әр жыл сайын 20%-ға өсетін болады. Бұл жұмыс 2025 жылға дейін жүргізіледі, яғни осы кезеңде еңбекақы көлемі 100%-ға артады. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 1 шілдеден бастап «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысы 75%-ға артатынын атап өткім келеді», – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы көбейеді Министрдің айтуынша, елімізде кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Мәселен, «Қазақфильм» киностудиясын жаңғырту жүзеге асырылып жатыр, «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін құру бойынша жұмыс жүргізіліп отыр. Бұл бірлестік биыл көрермендерге 10 пилоттық жоба ұсынады. Рейтингі жоғары анимациялық фильмдер мен кинокартиналарды қазақ тіліне дубляждауға қаражат бөлінеді.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси