Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы: «Дикий Арманға» ән арнап, жетісіпсіңдер! news video

04 қыркүйек, 11:18

Белгілі журналист, продюсер Бибігүл Дәулетбекқызы «Дикий Арманға» ән шығарған әріптесіне ренішін білдірді. 

Алматы, NEGE. Ол өз жазбасында: «Жетісіпсіңдер! Мынау не Жан Ахмадиев, а? Сен екеуің барша Қазақтың атынан сөйлемеңдер, жарай ма?! Мәселен, маған сендердің Жабайы Армандарың авторитет емес! Менің авторитетім: КЕНЕСАРЫ ХАН! Елімізді, жерімізді жаулардан қорғап, аттың үстінен түспеген: өзімнің батыр бабаларым – БҰҚАРБАЙ БАТЫР МЕН КЕЛТЕ ТОНДЫ КЕЛМЕМБЕТ, СӘРКЕ БАТЫРЛАР – авторитетім!

Қабанбай, Бөгенбай батырларымыздан бастап, кейінгі Бауыржан, Қасым аталарымызды қайда қойдың? Баха-фестиваль (атының өзі керемет қойылған), Мұстафа Өзтүрік, Бекзат Саттархановтарды ұмыттыңдар ма?

Жан Ахмадиев! Сен он шақты жыл бұрын тамаша жігіт едің. Менде жұмыс істегенде тындырымды істейтінсің. Не болды саған? Кім сені бүлдіріп жүрген?!

Жабайы Арманың қанша төледі саған? Астыңдағы кабриолетті сол ма сыйлаған?

PS: Жан Ахмадиев негізі жаман жігіт емес. Өмірдің қатал тағдырын көріп өскен. Аңқылдап қалған өзі. Бастапқы әндері тым жақсы еді. Кім білсін, біреулер азғырып жүр ме деген ой ғой менікі»,  деп жазды журналист.