2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Жұлдызай Дүйсенбиева пандемия кезінде сәбиінен қалай айырылып қалғанын айтты

Жұлдызай Дүйсенбиева пандемия кезінде әкесі мен сіңлісінің қатты ауырғанын, сол шақта жақындары үшін уайымдаймын деп баласынан айырылып қалғанын айтты.

Жұлдызай Дүйсенбиева пандемия кезінде сәбиінен қалай айырылып қалғанын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы  ол Аман Тасығанның TalkLike жобасында айтты. «Өмірде неден қатты қорқасыз?» деген сауалға танымал актриса: 

«Өзім өз болып, қызымды қатарына қоссам екен, соған қосуға маған күш-қуат бере гөр деп Алладан күнде сұраймын. Былтырдан бері қатты қорқамын. Былтыр мен үшін өте ауыр жыл болды.

Тура пандемия кезде, дәрі жоқ, адамның бәрі өліп жатқан кезде әкем мен туған сіңлім қатты ауырды. Өзегім өртеніп деген сөзді былтыр түсіндім. Осы жерім өртеніп, жоқ болып кеткен сияқты. 

Бір жағында әкем, бір жағымда сіңлім. Скорый шақырып, беріп жіберсем, өліп қалар ма екен, үйде емдесем, өліп қалар ма екен деп қорықтым. Дәрігерлердің вирустан қорқып, үйге келмейтін кезі. Айналамның бәрі, таныстарым дәрігерлер, телефонын алмай қойған адамдар болды», – деп қорқынышпен еске алады актриса.

Сол шақта жақындарынан айырылып қалудан қорыққан Жұлдызай ас ішуден қалған. Қатты күйзеліске түсіп, ішіндегі баласынан айырылып қалғанын өзі де білмепті.

«Үш күн тамақ ішкен жоқпын. Сол кезде аяғым ауыр болғанын өзім де білмедім. Уайыммен ол бала өліп кетті. Сондықтан былтырғы жыл мен үшін қатты ауыр болды», – дейді актриса.

Бір қуаныштысы, Жұлдызайдың әкесі де, сіңлісі де індеттен жазылған. Коронавирусқа тапсырған тест екеуінде де теріс нәтиже көрсеткен. «Сол кезде ғана көңілім орнына түсіп, түнгі 3.30-да тұрып, сорпа іштім», – дейді Дүйсенбиева.
 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер