Жанболат пен Жазира екінші рет ата-ана бақытына бөленді

Өнерде де өмірде де қол ұстасып бірге бірген жарасымды жұп Жанболат пен Жазира тыңдармандарынан сүйінші сұрап, шаңырағындағы қуанышымен бөлісті.
Алматы, NEGE. Кесте тігердің есімін Дара деп қойған өнер иелерінің қуанышында шек жоқ. Себебі 22 жылдан соң екінші перзенттерін бауырына басқан жұлдызды жұп бұл күнді ұзақ күткен. Алғашында қалың көпшіліктен жасыруды жөн санаған Жанболат пен Жазира «қуанышты бөліссең көбейеді» деген қағиданы ұстаныпты. Бұл туралы екінші рет аналық бақытқа бөленген Байырбекова инстаграм парақшасында жазды. Отбасылық суретті жүктеген әнші, қатарға кішкентай перзенттің қосылғанын айтқан.
Ал жұлдызды жұптың ұлы Қазыбек қарындасы жайлы жүрекжарды жазба қалдырды. «Бұл жаңалыққа алғаш сіздер куә болып тұрсыздар. Өмірге бір адам ел жаулау үшін, бір адам ел басқару үшін, бір адам махаббаты үшін, ал мен жанұяма қызмет ету үшін келдім. Ата-анама тек баласының рөлін сомдап емес - досы, директоры, қамқоршысы, көмекшісі, екі жұптың халықты қуантуға септігін тигізуші ретінде Құдайдың маған берілген тапсырмасын түсінгендеймін. Дара қарындасымды қандай жоспар күтіп тұрғаны бізге беймәлім. Бірақ, Дара есімін қойған себебім, 22 жыл үзіндіден кейін табылған, ерекше күнтізбе туылған, біздей мықты отбасын таңдаған, ең бастысы Қазақ елінде туылған, ерекше - Дара атқа ие болды!» – деп жазды Қазыбек Қожахметов.
Бұл жаңалықты естіген шоу-бизнес өкілдері де жарыса құттықтап, ақ тілеген жаудырды. Ендеше, жұлдызды жұпқа кесте тігер қыздың бауы берік болсын дейміз!