USD
USD
USD

Түркияда қазақтың ұлттық өнері ұлықталды

Ыстанбұлда Алматы қалалық мәдениет басқармасына қарасты қазақтың дәстүрлі өнерін ұлықтайтын «Алатау» өнер театры ұжымының «Алтыбақан» атты ойын-сауық ән кеші өтті.

Түркияда қазақтың ұлттық өнері ұлықталды
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Түркиядағы Қазақстан Елшілігінің мәліметінше, еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында ұйымдастырылған іс-шараға Ыстанбұл қаласының әкімдігі жан-жақты қолдау көрсеткен.

«Аталған мәдени іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы және Ыстанбұл қаласы мэриясының өкілдері, «Алатау» өнер театрының директоры Ринат Заитов, қазақ диаспорасы, зиялы қауым және Түркияда білім алып жатқан студенттер қатысты.

Кештің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Абзал Сапарбекұлы жиналған қауымды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап, кештің екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосатындығына сенімін білдірді.

Сонымен қатар Елші Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында еліміздің жеткен жетістіктері мен Қазақстан-Түркия байланыстары туралы жан-жақты баяндады», - деп атап өтеді Елшіліктің баспасөз қызметі.

«Алтыбақан» ойын-сауық кешінде дәстүрлі әндермен қатар ұмыт болып бара жатқан, көне дәстүрлі ән-жырлар да орындалды. Сахнада өнерпаздар қазақ халқының мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерлері ішінде ұмыт болып бара жатқан тұрмыс-салтын өнер сүйер қауымға паш етті. Бұл ойында қазақ жастарының ертеден келе жатқан кешкілік бас қосу, ән айту, домбыра тарту, айтысу, би билeу, түрлі ойындар ойнау сияқты дәстүрлері ұсынылды. Сонымен қатар, театрдың күміс көмей, жез таңдай әншілері түрік көрермендеріне олардың ана тілінде де ән шырқады.

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

Алмасбек, Сауран

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Әсет Матаев

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Кенжеғұл Сейтжан

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды

жауапкершілік