5 Желтоқсан 16:44

Төреғали мен Қайрат шынымен «көгілдір» ме? ЛГБТ мүшесі жауап берді

Фото:

Бірер күн бұрын ЛГБТ қауымдастығының мүшелері Гүлзада СЕРЖАН мен Жанар СЕКЕРБАЕВА бейнежазба арқылы Қайрат НҰРТАС пен Төреғали ТӨРӘЛІНІҢ қатарларына қосылғанын айтып, сүйінші сұрады. Шынымен солай ма?

NEGE тілшісі қос белсендінің біріне хабарласып, мән-жайды сұраған еді. Сонымен, қазақ сахнасындағы сайдың тасындай жігіттерге ЛГБТ мүшелерінің назары НЕГЕ түсті?

Гүлзада СЕРЖАН, «Феминита» ұйымының негізін қалаушы әрі белсендісі:  

Қуанышымызды жеткізіп, құттықтайық деп шештік

– Біз әнші жігіттердің әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадағы әрекеттеріне қарап, осындай шешімге келдік. Олар көлікте де, сахнада да сүйісіп жүр.

Көпшілік те аңғарса керек, кейінгі кезде екеуіне қарасты түрлі пікірлер жазып жатыр. Осыдан кейін біз де қуанышымызды жеткізіп, құттықтайық деп шештік.

 – Мұны әншілердің арасындағы кезекті хайп деп ойламайсыз ба?

– Әрине, халықтың алдында жүргеннен кейін хайп та керек болған шығар, ол жағын білмедім. Бірақ, не десеңіз де, шындығы сол.

Жалпы, өз басым екеуі халықтың алдында бір-біріне деген шынайы сезімдерін білдіріп тұрса, әрқашан қолдауға дайынмын. Адамдардың өзара сүйіспеншілігі мен жақсы көруі, достығы мен сыйластығы – бұл қоғам құптайтын қарым-қатынас қой. Ал зорлық-зомбылық сияқты әрекет болса, жазғырамыз.

Фото: ғаламтордан.

Негізі, Жанар екеуіміз әлгі бейнетаспаны түсірер кезде елі ішінде мұндай талқыға түседі деп ойламаппын.

– Қайраттың не болмаса Төреғалидың тарапынан хабарласқан жандар болды ма?

– Жоқ, ешкім хабарласпады. Бірақ олардың тарапынан жауап күтпеймін де. Себебі, халықтың алдында жүргеннен кейін соңдарынан түрлі әңгіме айтылады ғой. Оның қайсысына бақылау жасай берер дейсіз.  Қоғамдық адамдар болған соң, ондай дүниеге көңіл бөледі деп ойламаймын. Жанар да ешкім хабарласпағанын айтты.

Өз басым жазба желіге жүктелген соң, пікірлер легін қадағаламадым. Бірақ Жанардан TikTok-та айтарлықтай қаралым жинағанын естідім.

Тегтер: