5 Тамыз 17:16

Театр актері дүние салды

Фото:

   Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры негізін қалаушылардың бірі, дарынды актер, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сейітжан Тәжібаев Айтқожаұлының дүниеден озды.  

  Алматы, NEGE. Тәжібаев Сейітжан Айтқожаұлы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Консерваторияның актерлік факультетін тәмамдаған. 1977 жылы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында қызмет еткен. 1990 жылдан бастап Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрында жұмыс істеген. 
1999 жылы Қарағанды қаласында VII Республикалық театрлар фестивалінде М.Шахановтың «Отырар дастаны» спектаклі көрсетілді. Шыңғысхан рөлі үшін лауреат атанған. 
2002 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2021 жылы "ҚР еңбек сіңірген қайраткері" медалімен марапатталды. 

Актер М.Әуезов «Еңлік-Кебек» - Есен, Э.Филиппо «Филумена Мартурано» - Доменико, Ш.Айтматов «Ана-Жер-Ана» - Сыбанқұл, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» - Қодар, Б.Мұқайдың «Тоят түні»-Жолдасов, Т.Нұрмағанбетов «Табалдырығына табын» - Толасбай, С.Балғабаевтың «Бізде ғашық болғанбыз» - Дәукен, Гогольдің «Үйлену» - Акучкин, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері Ақтоқты» - Науан, М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» - Әкесі, Гальдонидің «Екі мырзаға бір қызметші» - Флориндо, И.Кальманның «Сильва»-Розндоров, Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» - Нияз, «Оян қазақ, ойлан қазақ» - Байтұрсынов, «Арқалық батыр» -Хан, Д.Исабековтың «Ескі үйдегі екі кездесу» - Айтөре, С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» - Жиенбай, Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» - Шал, И.Штраустың «Жарқанат» - Түрме бастығы, Б.Соқпақбаев "Балалық шаққа саяхат" - Автор, А.Ихсан "The last MAMONT" - Мамонт және т.б. рөлдерді сомдап, халықтың қошеметіне бөленді. 

Т.Нұрмағамбетовтің «Табалдырығына табын», Б.Мұқай «Тоят түні» және С.Балғабаевтың  «Бізде ғашық болғанбыз» спектаклдерін сахналады.   
2008 жылы Ақтау қаласында өткен Республикалық фестиваліне Э.Филиппоның «Филумена Мартурано» спектаклімен қатысып І орынға ие болды. 

Тегтер: