USD
USD
USD

Талдықорғандықтар Қайрат Нұртасты жауапқа тартуды талап етіп отыр

Талдықорған тұрғындары әнші Қайрат Нұртасты жауапқа тартуды талап етіп, оның халықтан кешірім сұрауын күтіп отыр.

Талдықорғандықтар Қайрат Нұртасты жауапқа тартуды талап етіп отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 26 наурыз күні Талдықорғанда әнші Қайрат Нұртастың концерті өткен. Концерт Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында болды. Қазақстандық эстрада жұлдызы ол жерге көлігімен жол жүруге тыйым салынған орталық алаңның бойымен келген.

Қайрат Нұртас өзінің орталыққа көлікпен келген видеосын әлеуметтік желіде жариялайды. Оны тұрғындар пабликтердің бірінен көріп қалады. Талдықорғандықтар әншінің бұл әрекетіне наразылық білдіріп, құқық қорғау органдарынан Қайрат Нұртасты жазалауды талап етіп отыр.

Олардың айтуынша, заң бәріне ортақ.

Жансүгіров атындағы мәдениет үйі Талдықорған қаласының орталық алаңында орналасқан. Сол себепті ол жерге қандай көлікпен болсын кіруге тыйым салынған.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси