USD
USD
USD

Сара Амангелді: Мен ешкімнің күйеуін тартып алған жоқпын

Сара Амангелді өзі жайлы айтылып жатқан жайттарға қатысты жауап берді. Актриса өзіне жала жабылғанын айтып ақталды.

Сара Амангелді: Мен ешкімнің күйеуін тартып алған жоқпын
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы  Stan.kz хабарлайды.

Алматы, NEGE. Айта кетейік, бұған дейін елордалық Құралай Бияхметтің жазбасы желіде тарап кетті. Онда актриса Сара Амангелді мен бұрынғы өзінің жолдасымен көңіл қосқаны айтылады. Алайда жақын күндері Құралай Бияхмет актрисаның өзі мен бұрынғы жұбайының ара қатынасына ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. 

"Достар! "Достар" деймін, өйткені менің "жауым" бар деп ойламаймын. Бірнеше күннен бері "талап" жатсыздар. Өтірік болғасын ақталғым келмеді, бірақ күннен күнге өршіп барады. Мен ешкімге күйеуге тиген жоқпын! Сенбесеңіздер, тексеріп көріңіздер, оның жолдарын білесіздер! Ешкімнің күйеуін тартып алған жоқпын, маған ол керек емес. Мәселенің ақ қарасын білмей шулатып жатқан парақшалар өздері біліп өшіретін шығар деген үміттемін. Даудың басын бастаған адам өз парақшасында ақпарат берді. Бірақ оны уже хайп қуған парақшалар жарияламайтын да шығар. Мен кімнің алдында болсын өзімнің абыройымды сақтап қалуға дайынмын", - деп жазды Сара Амангелді желідегі парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский