Sanremo Junior-2021: Қазақстандық өнерпаз үздіктер қатарына қосылды
Қазақстан 11-14 қазан аралығында Италияда өткен әйгілі «Sanremo Junior-2021» халықаралық байқау-фестиваліне қатысушы мемлекеттердің ең күшті үштігіне енді.
Алматы, NEGE. Ковид жағдайы мен карантиндік шараларға, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы шекаралардың ішінара жабықтығына қарамастан, Сан-Ремо каласына әлемнің 22 елінен өкілдер келді. Олардың арасында отандасымыз скрипкашы әрі вокалист, 10 жасар Әмина Арыстанбек та болды.
Жас вокалист әрі скрипкашы байқау финалында «Fairytale» композициясын оркестрмен бирге орындады. Есинизде болса бул әнмен 2009 жылы Александр Рыбак «Евровидение» жеңімпазы атанған еді.
Біздің кішкентай жұлдызымыз өз өнерінің нәтижесінде құрметті 2-орынды иеленді.
Сонымен қатар Украиналык Балалар Евровидение Академиясынын халықаралық байқауының финалына қонақ ретінде шақырылды. Арнайы шақырту сыйлығын «Evrovision Junior» ән байқауының директоры Влад Багинский тапсырды. Аталған конкурс осы жылдың 30 қазанында Киев қаласында өтеді.