USD
USD
USD

Сәбит Әбдіхалықов неліктен театрдан кеткенін айтты

М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының басшысы Сәбит Әбдіхалықов не себепті қызметінен кетіп бара жатқандығы жайлы айтып берді.  

Сәбит Әбдіхалықов неліктен театрдан кеткенін айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біздің театрда 300-ден астам адам қызмет атқарады. Олардың пікірлері әртүрлі. Біз қазір бір отбасыдай болып кеткенбіз және олардың сөзі мен үшін хақ. Негізі бұл жағдайды үлкен шу жасамай-ақ қойғанда болар еді. Десек те олар жоғарыдағылардың жауабын ала алмаған соң БАҚ-қа жүгінуге мәжбүр болған», – деді театр басшысы. 

Оның сөзінше, Әбдіхалықов бұл лауазымға тағайындалған театрдың 14 миллион теңгелік қарызы болған. Бірақ мәдениет орталығының ұжымы бұл жүкті жұмыла көтеріп, бас-аяғы бірнеше жылдардан кейін мәселені шеше алыпты. Бұған қоса Асанәлі Әшімовтің көмегімен, театрға көрермендер қайта тартылыпты. Сөзін қорытындылай келе, ол әріптестерінен кешірім сұрап, жұмысын өзінің денсаулығына байланысты қалдырып жатқандығын қосты. 

«Шетелдік және қазақстандық дәрігер мамандармен сөйлесе келе, өзімнің жағдайымның нашарлап кеткеніне байланысты мен М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының басшысы лауазымын өткізіп бергім келеді. Осы уақытқа дейін бірге жұмыс атқарған театр ұжымына алғысымды білдіремін. Мен біздің орталықты көркейтуге ат салысқан әрбір қызметкерді мақтан тұтамын», – деп аяқтады сөзін Сәбит Әбдіхалықов. 

Қазір оқып жатыр

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция

Алматыда кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсеткендер ұсталды

Полиция

Ресейде жаппай төбелестен кейін Қазақстан азаматтары ұсталды

жанжал ресей

Temu маркетплейсінің табысы төмендеді

Temu