30 Шілде 11:49

«Позорымыз патрондай шашылды». Әнші Меруерт Түсіпбаева Олимпиада туралы айтты

Фото:

Әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі жазбасы арқылы спорт басқармасын сынап тастады.

Алматы, NEGE. Әнші өзінің жеке парақшасында: «Позорымыз патрондай шашылып жатыр. Мен спортшылармен,олардың туған-туыстарымен араласып, сөйлесіп жүремін... Еститінім – коррупция спортта да бар...

Коррупциясыз мекеме, жылы орын қалмады-ау?! Токиода Олимпиада өтіп жатқанын білесіздер ғой? Әзірше, қоладан аса алмай жатырмыз. Алтын сол беті арман болып қалмаса... Өз басым, талантты спортшы, әсіресе боксшы қалмады дегенге сенбеймін. Бар! Оларда тек тамыр-таныс жоқ!!!

Ал, «турист» болып барғандар Токионы көріп-қызықтап, сіздер мен біздердің ақшаларымызды ( #нашиналоги ) беймарал шашып, елге қайтып жатыр біртіндеп.

Жарықтықтар-ай. Ұят-ай. Позор! Спортты басқарып отырғандар, намыс қайда?!
Қайда қарап отырсыңдар?! Орындарыңды босатыңдар!» деген жазба жариялады.

Бұған оқырмандар: «Өте дұрыс! Коррупция бәле болды. Нағыз палуандар бар арамызда. Олар жүр айдалада жеңілісті тамашалап, солар барғанда қоржынымызға алтын салып отырар еді», «Иә, бапкерлер оңбайды ғой», «4-5 жылда бір келетін жарысқа жақсылап дайындалса болады ғой, масқара», «Меруерт ханым, өте дұрыс айтасыз, спортта босқа жүргендер қаншама, солар құрып нағыз жаныашыр бапкерлер келсе екен» деп пікірін қалдырды.

Тегтер: