23 Қыркүйек 20:40

Осы сенбіде «KITAP FEST 2021» кітап фестивалі өтеді

Фото:

Алматыда қала күніне орай «KITAP FEST 2021» кітап фестивалі өтеді. Оған ұйымдастырушылардың айтуынша шамамен 500 адам қатысады.

Алматы, NEGE. KitapFest- бұл 2014 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін кітап фестивалі.

7 жыл ішінде республикалық зияткерлік платформаға айналды.

Шара 25 қыркүйек күні «Форум» сауда орталығында өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл фестиваль пандемияға байланысты шектеулі форматта өтеді. Келушілер саны 500-ден аспайды.

Кіру шарттары: ASHYQ қосымшасында «жасыл» статус болуы керек. Міндетті түрде маска режимі сақталады. Фестиваль аясында дәрістер, жазушылармен кездесу, кітаптардың тұсаукесерлері мен байқаулар өтеді.

Тегтер: